Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 51, 56–59-баптарына сәйкес жер учаскесін бөлу немесе біріктіру жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші негізінде жүзеге асырылады.Жер учаскесін бөлу кезінде:
- жер учаскесі бөлінетін болуы тиіс;
- бөлінгеннен кейін әрбір жаңа жер учаскесі дербес жер учаскесі ретінде пайдалануға жарамды болуы қажет;
- жер учаскесінің нысаналы мақсаты сақталуға тиіс;
-өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, құрылыс және өзге де міндетті нормалар мен талаптар сақталуы қажет.
Жер учаскелерін біріктіру кезінде:
- біріктірілетін жер учаскелері іргелес (ортақ шекарасы бар) болуы;
- олардың нысаналы мақсаты бірдей болуы;
- заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келуі қажет. Біріктіру нәтижесінде жаңа жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындалып, құқықтар мемлекеттік тіркеуден өткізіледі.
Егер жылумен жабдықтау қызметі белгіленген сапа талаптарынан ауытқып көрсетілсе (мысалы, үй-жайдағы температура жеткіліксіз болса), тұтынушы қызмет көрсетушіге тексеру жүргізу және төлемді қайта есептеу туралы өтініш беруге құқылы.
Сумен жабдықтау желілеріндегі апаттық жағдайлар өтінім түскеннен кейін авариялық қызметпен дереу жойылады. Жою мерзімі зақымданудың күрделілігіне, жер қазу жұмыстарының қажеттілігіне және тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты болады.
Жеке су есептегіш құралы болмаған жағдайда тұтынылған су көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір тіркелген адамға бекітілген тұтыну нормалары бойынша немесе көзделген жағдайларда жер учаскесінің ауданы бойынша айқындалады.
Мүлікті мемлекет меншігіне беру веб-портал арқылы ұсыныс беруден басталады. Одан кейін мемлекеттік органдар 30 күн ішінде қарастырып, қорытынды береді. Оң шешім қабылданса, электрондық шарт жасалып, мүлік қабылданып, тіркеледі.
Нысан бойынша материалдар жиналып, бастапқы баға анықталады. Кейін сауда түрі белгіленіп, хабарландыру жарияланады. Қатысушылар өтінім беріп, кепілдік жарна енгізеді. Нәтижесінде жеңімпаз анықталып, шарт жасалады.
Кепілдік жарна – бастапқы бағаның 15%-ы. Ол саудаға қатысу үшін енгізіледі, уақытша бұғатталады. Жеңімпаз үшін төлемге есептеледі, қалғандарына қайтарылады (кейбір жағдайларды қоспағанда).
Иә, жұмыссыз ретінде тіркелген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар және әлеуметтік аударымдары бар адамдар жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы алуға өтініш бере алады.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен ҚР халқының мынадай санаттарына тағайындалады:
Қазақстан азаматтары;
ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың;
босқындар;
азаматтығы жоқ адамдар;
қандастар.
Атаулы әлеуметтік көмекті толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру міндетті емес.