Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін келесі құжаттар ұсыну керек: өтініш, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері некеге тұру бұзу, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері, пәтерде ресми түрде тұрып жатқаныңызды растайтын құжат, тұрғын үй бар-жоғы туралы анықтама, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйді тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тұрғын үй инспекциясы бөліміне қажетті құжаттарды ұсынып, жекешелендірілуі мүмкін.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (жалға беруші) мен азамат (жалдаушы) арасында тұрғын үй беру туралы шешім негізінде жазбаша нысанда жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Жалдау шарты тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде беріледі және 1 жылға ресімделеді.
Қоғамдық тыңдаулар азаматтардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қоғамдық мүдделерді қозғайтын жобаларды талқылауға қатысуын қамтамасыз ету үшін өткізіледі.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ Бірыңғай экологиялық порталда (егер тыңдаулар экологиялық заңнамаға сәйкес өткізілсе) алдын ала жарияланады.
Хабарландыруда:
қоғамдық тыңдауларды өткізу күні, уақыты және орны;
қоғамдық тыңдаулардың мәні;
материалдармен танысу тәртібі;
ескертулер мен ұсыныстар беру тәсілдері;
ұйымдастырушының байланыс деректері.
Кез келген мүдделi азамат қоғамдық тыңдауларға қатысуға, өз пiкiрiн айтуға, сұрақтар қоюға, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс жазбаша ескертпелер мен ұсыныстар беруге құқылы.
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаның едәуiр өсуi туралы мәлiметтер болған жағдайда азамат өтiнiштi Е-Өтiнiш арқылы жiберуге құқылы. Өтініште дүкеннің атауын, мекен-жайын, тауарды және оның құнын көрсету ұсынылады. Бөлім өз құзыреті шегінде бағаларға мониторинг жүргізеді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар уәкілетті органдарға жіберіледі.
Ауыл шаруашылығы техникасын есепке қою туралы ақпарат алу үшін ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіну қажет
Өтінішті е-өтініш арқылы беру не уәкілетті мемлекеттік органға жүгіну қажет
Жер учаскесін алу үшін жеке немесе заңды тұлға жергілікті атқарушы органға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы өтініш береді. Өтініште:
- жер учаскесін пайдалану мақсаты;
- орналасатын жері;
- болжамды ауданы;
- сұратылатын құқық түрі (жеке меншік немесе жер пайдалану құқығы) көрсетіледі.
Өтінішті қарау барысында уәкілетті орган жер учаскесін берудің бас жоспарға, аумақтарды аймақтарға бөлу схемасына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (бар болған жағдайда) сәйкестігін тексереді.
Эскиздік жобаны келісу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексіне және Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Эскиздік жобаны келісу үшін жеке немесе заңды тұлға «Электрондық лицензиялау» порталы немесе eGov.kz арқылы өтініш береді. Өтінішке эскиздік жобаның электрондық көшірмесі және мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген өзге де құжаттар қоса беріледі.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес рәсімделеді. Жеке меншік құқығы мемлекеттік органның шешімі, азаматтық-құқықтық мәміле (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және т.б.), мұрагерлік немесе заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша туындайды. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын рәсімдеу үшін өтініш беруші жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (eGov.kz) арқылы жер учаскесін жеке меншікке беру туралы өтініш береді. Өтінішке мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжат және заңнамада көзделген жағдайларда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны туралы актінің көшірмесі қоса беріледі.Өтінішті қарау нәтижесі бойынша жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешім қабылданады немесе заңнамада көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту беріледі.