Жиі қойылатын сұрақтар
Тұрғын үй салуға жер телімі тегін қайта берілмейді
Жайлымдық жер телімі уақытша пайдалануға конкурстық негізінде беріледі.
Тұрғын үй салу үшін жер телімі кезекпен беріледі
Жеке кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау тоқсан сайын, күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-нен 15-не дейін.
"Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды аяқтау туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жыл.
Өндірушінің асыл тұқымды бұқасын сатып алу үшін субсидиялау нормативі 150 000 теңге ге сүйенеді.
Асыл тұқымды мал басын сатып алу үшін субсидия алу үшін , Портал арқылы өтінім беру қажет plem.kz.малды сатып алу туралы растайтын құжаттарды қоса беру қажет.
Құрылыстың басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы Талон жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша МСҚББ беріледі. Құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы беріледі.
Мәліметтер нысанын толтырып, МСҚББ талонын алғаннан кейін жобаға сәйкес құрылыс - монтаждау жұмыстарын бастауға болады.
Облыс аумағында салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу жергілікті атқарушы органдар аудан және қалалардың сәулет қала құрылысы бөлімдері атқарады.
Нысандарды салу үшін келесі құжаттар қажет:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.