Жиі қойылатын сұрақтар
Тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісін қағаз жеткізгіште ресімдеуге , электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзетуді Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті және оның аумақтық бөлімшелері қарайды.
Веб-порталда «Мүгедектігі бар адамдарды ұйымдастыру» рөлін алу үшін өнім беруші мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
1) мүгедектігі бар адамдардың орташа саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51% -ын құрауы тиіс;
2) мүгедектігі бар адамдарға еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51% -ын (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылу бойынша мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35% -ын) құрайды;
3) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне және (немесе) құрылтайшысы Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері болып табылатын ұйымдарға тиесілігі.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізуіне кепілдік ретінде енгізеді.
Бекітілген жылдық жоспарға өзгерістер енгізу үшін жылдық жоспар жобасын құру қажет. Бұл ретте осы жобаға бекітілген жылдық жоспардан жоспардың барлық тармақтары қосылатынын атап айтамыз.
Тапсырыс берушілер көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуетті өнім берушілерге қажет болған жағдайда қызметкердің 3 жылдан аспайтын жұмыс өтілі көрсетіле отырып, қажетті еңбек ресурстарының болуына қатысты біліктілік талаптары қойылуы мүмкін.
Қзақстанда діни әдебиеттерді таратуға тек арнайы белгіленген орындарда таратуға болады
Колледжге түсу үшін керекті құжаттар тізімі:
1. Құжаттарды қабылдау туралы өтініш.
2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы.
3. 3х4 см көлеміндегі фотосуреттер 4 дана.
4. І және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін № 075-У нысанындағы медициналық анықтама 031-У нысаны бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы.
5. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Мектепте тегін тамақтар төменгі көрсетілген санаттағы отбасыларға беріледі:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие болғандарға;
Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмек талап ететіндерді немесе білім беру ұйымының алқалы басқару органымен анықтайтындарды;
Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарда;
Отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 99-тармағына сәйкес Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Ереже), электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді, оның ішінде «Расталды» мәртебесі бар мәліметтерді түзету электрондық депозитарийде толтырылған мәліметтер жұмыс тәжірибесін растайтын ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулардың электрондық депозитарийіндегі (Жұмыс тәжірибесі реестріндегі) мәліметтерді түзетуді Қазынашылық департаменттері жүзеге асырады. Өзгерістер әлеуетті жеткізушіден тиісті хат негізінде мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес енгізіледі. 2025 жылдан бастап электрондық депозитарий «Жұмыс тәжірибесі реестрі» деп қайта аталады.
Мемлекеттік сатып алу жүргізу ережелерінің 99-бабына сәйкес, электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді, оның ішінде «Расталды» мәртебесіндегі мәліметтерді, электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтердің ұсынылған жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда түзету жүргізіледі.
Электрондық депозитарий уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мәліметтері мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар негізінде, әлеуетті жеткізушілер веб-портал арқылы енгізген ақпараттар бойынша құрылады.
Осыған байланысты электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзету мәселесі Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті және оның аумақтық бөлімшелері тарапынан қаралады.
Мектепке дейінгі мекемелерде кеңсе тауарларына қаражат жинау рұқсат етілмейді.