Жиі қойылатын сұрақтар
Орташа жан басына шаққандағы табыс – отбасының жиынтық табысының әрбір отбасы мүшесіне ай сайын бөлінетін үлесі.
Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін Ұлытау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы негіздемесі бар өтінім тапсырады.
Ұлытау облысы қандастарды қабылдау бойынша өңірлік квотаға кірмейді, этникалық қазақтар бұл өңірге квотадан тыс өз бетімен қоныс аударады.
Кондоминиум объектісін басқаруға, оны күтіп-ұстауды қаржыландыруға арналған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті:: 1) жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестігі – тұрғын емес үй-жайлардағы пәтерлердің меншік иелері құратын заңды тұлға; 2) жай серіктестік – заңды тұлға құрмай-ақ барлық пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін тікелей бірлесіп басқару.
Қазіргі уақытта тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміне кезекке тұру үшін orken.otbasybank.kz цифрлы платформасында өтініш беру қажет.
orken.otbasybank.kz цифрлы платформасында электронды цифрлы қолтаңба арқылы тіркеуден өтіп, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тұруға осы аталған платформада өтініш электронды беріледі. Жоғарыда аталған тәсілмен өтініш бергеннен кейін тиісті жұмыс органы өтінішті 15 жұмыс күнінің ішінде қарап, қабылданған шешім бойынша жоғарыда аталған платформаның жеке кабинетінде кезекке қойылғандығы (қойылмағандығы) туралы хабарлама жіберіледі.
"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін ):
1) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті);
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі: сырғалау, таңба басу, татуировка, электрондық бірдейлендіру тәсілі.
Алынатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарларды алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген, жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу жыныс-жас топтары, түрлері ескеріле отырып, орташа айлық нарықтық құны негізінде сараланады ауыл шаруашылығы жануарлары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат түрлері.
«1. Ветеринария саласындағы қызметке лицензия беру (Ветеринария бөлімімен қамтамасыз етілген) Келесі мемлекеттік қызметтерді жергілікті атқарушы орган құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар көрсетеді 2. Ветеринариялық анықтама беру
3. Ветеринариялық паспортты беру 4. «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты жаңарту (түзету)»