Жиі қойылатын сұрақтар
Браузер кэшін және JAVA бағдарламасында да тазалау қажет.
Кэшті тазарту.
Mozilla Firefox браузері үшін:
Браузер мәзіріне кіріңіз (жоғарғы оң жақ бұрышттында) — Баптаулар — Қосымша — Желі — Қазір тазалаңыз.
Internet Explorer браузері үшін:
Браузер мәзір жолағында Қызмет -> Журналды жою түймесін басыңыз немесе CTRL-SHIFT-DEL пернетақтасындағы комбинацияны қолданыңыз
(егер браузердің мәзір жолағы көрінбесе пернетақтадағы, «Alt» батырмасын басыңыз)
Тіркеу орны бойынша аумақтық органға жүгіну қажет.
Мүмкін аумақтық орган сізгана есеп беру қажет нысанда бойынша бұл кәсіпорынды каталогқа енгізбеген шығар. Сондықтан сізге тіркелген жеріңіз бойынша аумақтық органға жүгінуіңіз керек.
Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің байланыс нөмірлерін мына жерден қараңыз.
Сіз тіркелген жеріңіз бойынша аумақтық органға жүгінуіңіз керек.
Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің байланыс нөмірлерін мына жерден қараңыз.
Алдыңғы кезеңдердегі үшін енгізілген алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде қарау және басып шығару үшін Бюро сайтының (https://stat.gov.kz) басты бетіндегі «Респонденттерге үшін» бөліміне кіру қажет. Одан әрі «Статистикалық деректерді электрондық түрде қабылдау» бөлімін таңдаңыз. «Статистикалық деректерді электрондық түрде қабылдау» бөлімін таңдағаннан кейін «Электрондық есепті тапсыруға арналған нысандар» деген атаумен келесі бөлімге кіру қажет. Бұл бөлім кезеңділігі бойынша статистикалық нысандар тізімін қамтиды. Мұнда қызықтыратын нысанда алдыңғы есепті кезеңді таңдап, «Ашу» батырмасын басу қажет. Кәсіпорынды растайтын және «Жаңа есеп» және «№1 есеп» жолдарын таңдайтын жол пайда болғаннан кейін, алдыңғы есепті таңдау үшін «№1 есеп» тармағын таңдау керек.
Алдыңғы деректермен есепті жүктегеннен кейін, басып шығару үшін xml (Excel) форматтағы файлға «Экспорттау» батырмасы арқылы есепті экспорттау керек.