Жиі қойылатын сұрақтар
Қызметті тоқтата тұру мәселесі бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша статистика департаментіне жүгіну керек. Барлық байланыстарды stat.gov.kz сайттынан таба аласыз. Өңірлер/Департамент туралы/ Мекенжайлар және байланыс ақпараты бөлімінде.
Осы жіктеуіш Бюро сайтында stat.gov.kz Басты /Маңызды /Жіктеуіштер /Ұлттық /2-тармақ «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» /oked бөлімінде қолжетімді
«Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларының» 22-тармағына сәйкес респонденттер экономикалық қызметтің негізгі немесе қосалқы түрін өзгерту немесе қызметкерлер санының өзгеруі туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, «Респондент кабинеті» арқылы хабардар етеді. «Респондент кабинетінде» өзгерістер енгізу үшін Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Жеке деректерді» таңдау қажет, содан кейін «Редакциялау» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі негізгі/қосалқы ЭҚЖЖ, сан, байланыс ақпаратын өзгерту мүмкіндігі бар. Өңірлік статистика департаментіне жеке өзі келген жағдайда, жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны басып шығару және ұсыну қажет Аумақтық статистика органдары түскен хабарламаны 3 жұмыс күні ішінде қарайды, статистикалық тіркелімдерде респонденттер бойынша экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерін, қызметкерлердің санын өзгерту туралы шешім қабылдайды. Хабарламаны қарастыру нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға жолданады. ЭҚЖЖ түрлерінің санын шектеу бойынша негіздеме жоқ, бұл ретте статистика органдары үшін қызметтің жоспарланатын/болжанатын түрлері ескерілмейтінін атап өткен жоқ. Барлық ақпараттық жүйелерде ЭҚЖЖ жаңарту үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ филиалында өзгерістерді растау қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың статистикалық жалпы жіктеуіші (КҰЖЖ) 24.01.2017 жылғы №15 бұйрықпен күші жойылды.
Сонымен қатар, заңды тұлға/дара кәсіпкер туралы құпия емес ақпараттың толық тізбесін Сіз «Статистикалық бизнес-тіркелім» бөлімінде БСН немесе ЖСН бойынша (сайттың оң жағы бойынша) «Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу» интерактивті сервисінің көмегімен таба аласыз. Осы интерактивті сервисті пайдалана отырып, ЗТ/ДК туралы, оның ішінде берілген ЭҚЖЖ коды туралы Сізге қажетті ақпаратты алуға болады. «Басып шығару» функциясы жоқ. Сіз көшірмесін немесе скриншотты жасай аласыз (PrtScrn пернесі). Бұдан басқа, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағына сәйкес статистикалық тіркелімдер статистикалық мақсаттарда ғана жүргізіледі және тіркелімде қамтылған статистикалық байқау объектілерінің қасиеттерін және (немесе) сандық сипаттамаларын ресми растау үшін пайдаланылмайды.
Респондент кабинетінің техникалық ақаулары болған жағдайда респонденттер үшін техникалық қолдауға жүгіну қажет:
9:00-ден бастап, 18:30 дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
e-mail: help@statdata.kz.
Сізде қажетті браузер орнатылғанына көз жеткізіңіз: Mozilla Firefox немесе Internet Explorer. Бұл браузерлерді интернеттен тегін жүктеп, компьютерге мынадай сілтемелер арқылы орнатуға болады:
https://www.mozilla.org/en-US/firefox/all/
http://windows.microsoft.com/ru-ru/internet-explorer/download-ie
Басқа браузерлер есептерді жіберу үшін қажетті Java бағдарламалық платформасын қолдамайды.
ҚР Ұлттық статистика бюросының сайтында stat.gov.kz. «Респонденттерге» бөлімінде сіз онлайн» режимінде электрондық есептерді тапсыруға арналған нұсқаулықтарымен таныса аласыз.
Сізге ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) орнату қажет ЭЦҚ кілтін орнату. Mozilla Firefox браузерін пайдаланған кезде алынған ҰКО сертификатын RSA алгоритміне импорттау қажет. Ол үшін Mozilla Firefox-та жоғарғы оң жақ бұрышында Мәзірді ашу» → «Баптаулар» мәзірін таңдау керек. Ашылған терезеде "Қосымша" → «Сертификаттар» қосымша бетін таңдаңыз. «Сертификаттарды қарау» батырмасын басқан кезде Сертификаттарды басқару» терезесі ашылады. «Сіздің сертификаттарыңыз» қосымша бетін таңдап, сертификатты импорттау үшін Импорттау» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі қарай, ашылған диалогтық терезеде сертификаттары бар папкаға арналған жолды көрсетіңіз және RSA алгоритмінен сертификатты таңдаңыз. Құпиясөзді сұраған кезде сіз ЭЦҚ-мен бірге алған құпиясөзді енгізіңіз → «ОК» батырмасын басыңыз. Сертификат браузерге сәтті импортталды. ЭЦҚ орнату бойынша толық нұсқаулықты мына жерден жүктей аласыз.
Сіз Браузердің баптауларында ЭЦҚ кілттің қолданылу мерзімін тексеруіңіз қажет.
ЭЦҚ кілтін алу.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады (сіздің таңдауыңыз бойынша): ЭЦҚ алуға онлайн-өтінім беру және оны компьютерге сақтау. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне ЭЦҚ жазу. Ол үшін жақын жердегі ХҚКО-ға жеке куәлігін көрсетіп жүгіну қажет. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен одан әрі жұмыс істеу арнайы карт-ридер болған кезде мүмкін болады.
Браузер баптауларына негізгі сертификаттарды орнату қажет.
Негізгі сертификаттарды орнату
Егер сіз Mozilla Firefox браузерін жұмыс істеу үшін пайдалануды жоспарласаңыз, онда қосымша сертификаттардың сенімді қоймасына негізгі тіркеу куәліктерін орнатуыңыз қажет. Mozilla Firefox браузеріне ҚР ҰКО негізгі тіркеу куәлігін орнату үшін, басты бетті ашыңыз www.pki.gov.kz – «Негізгі сертификаттар» бөлімінде «pki_rsa» және «root_rsa» сілтемелерін басыңыз. Пайда болған терезеде барлық белгілерді қойыңыз, «OK» түймесін басыңыз.
Статистикалық есептілікті тапсыру күнтізбесін қарау үшін жеке кабинетке кіру және «Күнтізбе» кіші бөліміне өту қажет. Күнтізбе статистикалық нысандар тізбесін және оларды статистика органдарына ұсыну мерзімдерін көруге мүмкіндік береді. Күнтізбедегі белгілі бір күнді басу арқылы сіз осы тізімді көре аласыз. Онлайн режимде есептілікті тапсыру жүйесіне көшу үшін нысанды тауып, «есепті қалыптастыру» командасын басу қажет. Содан кейін браузердің жаңа қосымша беттінде «онлайн» режимінде есептілікті қабылдау жүйесі ашылады.