Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруАлдыңғы кезеңдердегі үшін енгізілген алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде қарау және басып шығару үшін Бюро сайтының (https://stat.gov.kz) басты бетіндегі «Респонденттерге үшін» бөліміне кіру қажет. Одан әрі «Статистикалық деректерді электрондық түрде қабылдау» бөлімін таңдаңыз. «Статистикалық деректерді электрондық түрде қабылдау» бөлімін таңдағаннан кейін «Электрондық есепті тапсыруға арналған нысандар» деген атаумен келесі бөлімге кіру қажет. Бұл бөлім кезеңділігі бойынша статистикалық нысандар тізімін қамтиды. Мұнда қызықтыратын нысанда алдыңғы есепті кезеңді таңдап, «Ашу» батырмасын басу қажет. Кәсіпорынды растайтын және «Жаңа есеп» және «№1 есеп» жолдарын таңдайтын жол пайда болғаннан кейін, алдыңғы есепті таңдау үшін «№1 есеп» тармағын таңдау керек.
Алдыңғы деректермен есепті жүктегеннен кейін, басып шығару үшін xml (Excel) форматтағы файлға «Экспорттау» батырмасы арқылы есепті экспорттау керек.
«Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларының» 22-тармағына сәйкес респонденттер экономикалық қызметтің негізгі немесе қосалқы түрін өзгерту немесе қызметкерлер санының өзгеруі туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде бұл туралы мемлекеттік статистика органдарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, «Респондент кабинеті» арқылы хабардар етеді. «Респондент кабинетінде» өзгерістер енгізу үшін Бюроның www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Жеке деректерді» таңдау қажет, содан кейін «Редакциялау» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі негізгі/қосалқы ЭҚЖЖ, сан, байланыс ақпаратын өзгерту мүмкіндігі бар. Өңірлік статистика департаментіне жеке өзі келген жағдайда, жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны басып шығару және ұсыну қажет Аумақтық статистика органдары түскен хабарламаны 3 жұмыс күні ішінде қарайды, статистикалық тіркелімдерде респонденттер бойынша экономикалық қызметтің негізгі, қосалқы түрлерін, қызметкерлердің санын өзгерту туралы шешім қабылдайды. Хабарламаны қарастыру нәтижесі хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға жолданады. ЭҚЖЖ түрлерінің санын шектеу бойынша негіздеме жоқ, бұл ретте статистика органдары үшін қызметтің жоспарланатын/болжанатын түрлері ескерілмейтінін атап өткен жоқ. Барлық ақпараттық жүйелерде ЭҚЖЖ жаңарту үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ филиалында өзгерістерді растау қажет.
Сізде қажетті браузер орнатылғанына көз жеткізіңіз: Mozilla Firefox немесе Internet Explorer. Бұл браузерлерді интернеттен тегін жүктеп, компьютерге мынадай сілтемелер арқылы орнатуға болады:
https://www.mozilla.org/en-US/firefox/all/
http://windows.microsoft.com/ru-ru/internet-explorer/download-ie
Басқа браузерлер есептерді жіберу үшін қажетті Java бағдарламалық платформасын қолдамайды.
ҚР Ұлттық статистика бюросының сайтында stat.gov.kz. «Респонденттерге» бөлімінде сіз «онлайн» режимінде электрондық есептерді тапсыруға арналған нұсқаулықтарымен таныса аласыз.