Ғылым күні аясында ЕҰУ ғылыми зертханалары бойынша баспасөз туры өтеді
ҚР Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында 2023 жылғы 6 сәуірде сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті БАҚ-қа арналған баспасөз турын өткізеді. Оның барысында университет ғалымдары өздерінің 20-дан астам ғылыми жобаларын таныстырады. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығының, ғылыми-зерттеу зертханаларының өнертабыстары да паш етіледі.
Оның ішінде «ENU-Lab» ғылыми өндірістік орталығы журналистерге өзекте мәселеге айналған көпқабатты үйлердегі әлсіз дыбыс оқшаулау мәселесін шешуге бағытталған ғылыми әзірлемелері көрсетеді. Ғалымдар өнеркәсіп қалдықтарынан шуды оқшаулайтын жеңіл бетондар жасауды жоспарлап отыр. Жақсартылған дыбыс оқшаулағышы бар материал көп қабатты ғимараттардың ішкі бөлімдерін салу кезінде қолдануға арналған.
ЕҰУ Ядролық технологиялар паркі бірегей технология бойынша жасалған құрылыс және ауыл шаруашылығы материалдарының өнеркәсіптік өндірісін таныстырады.
Сондай-ақ, бірқатар ғылыми жобалар ұсынылатын болады: су-мұнай қоспаларын бөлуге арналған инновациялық мембраналарды әзірлеу, ауыр бетондарды өндіру үшін қолданылатын жоғары берік цемент құрамын жасау; термоэлектрлік модульдер мен натрий-иондық батареялар үшін нанокомпозиттік материал өндіру; тобық буынын қалпына келтіруге арналған жаңа киілетін роботты экзоскелет технологиясы және тағы басқалар.
Баспасөз туры аясында ЕҰУ ғалымдарының ғылыми жобаларының көрмесі өтеді. Сонымен қатар «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар институты» ҒЗИ, «ENU Lab» ғылыми-өндірістік орталығына және ДЦ-60 ауыр иондарының үдеткіші орналасқан Инженерлік бейіндегі зертханаға бару жоспарлануда.
Өтетін күні, уақыты және орны: 06 сәуір, 2023 ж. сағат 10-00-де, Астана қ., Қ. Сәтбаев к-сі, 2, бас ғимарат
Аккредиттеу мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 702 36 36 005