«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтыру енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бюджет қаражатын оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекіткен Барлық бюджеттік бағдарламаларды тексеру нәтижелерін іске асыру жөніндегі жол картасының 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Қаулы жобасымен Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағы «Осы тармақтың 9) тармақшасының күші 2027-2028 оқу жылынан бастап оқуға түскен адамдарға қолданылмайды» деген мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылады. Бұл норма «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқып жүрген студенттерді 2027-2028 оқу жылынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге (шығыстарды 100% өтеуге) қатысты жеңілдікті біртіндеп шектеуді көздейді. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бюджет қаражатын оңтайландыру және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ студенттерін біртіндеп (2027-2028 оқу жылынан бастап оқуға түсетіндерге) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысты шығыстарды тоқтату. Мерзімі: Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (2026 жыл). |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар болжанбайды. Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджет шығыстарын оңтайландыруға және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қосымша бюджеттік шығындарды талап етпейді. |
Құру күні: 16.10.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 03.11.2026
Қызмет бағыты