«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №33-1-Н нұсқамасы
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасында цифрлық жүйелерде қаражат көлемі мен қозғалысының есебін жүргізу арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мәселесіне қатысты түзетулер енгізілді
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаның мақсаты – нормативтік құқықтық акті нормаларын жетілдіру.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 24.09.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 09.10.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15916845