«Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Жоба «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын дамытуға және арттыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 33-1-Н нұсқамасында көрсетілген ескертулерді жою мақсатында әзірленген.

Жоба 2026 жылғы 30 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Жобаны жария талқылау 2026 жылғы 15 қазанға дейін өткізіледі.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15922193