«Білім беру ортасының цифрлық трансформациясы жағдайында Қазақстан тарихын оқытуды дамытудың заманауи тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция
2023 жылдың 29 наурызында Алматы қаласында «Білім беру ортасының цифрлық трансформациясы жағдайында Қазақстан тарихын оқытуды дамытудың заманауи тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы өтеді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысында келесі бағыттарды қарастырады:
- Білім мен ғылымның өзекті мәселелері: теориялық және практикалық аспектілері.
- Білім берудегі цифрлық оқыту және ақпараттық технологиялар.
- Цифрландыру дәуіріндегі педагогикалық қызметтегі инновациялық технологиялар.
- Жастарды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу қазіргі білім берудің құрамдас бөлігі болып табылады.
- Қазіргі қоғам және педагогикалық білімді дамыту перспективалары
Конференция жұмысына ғалымдар, жоғары оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары, докторанттар, магистранттар, бакалавриат студенттері қатысады.
Қалыпты және ZOOM платформасында өтетін конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қамтиды.
Конференция идентификаторы: 947 2923 9306, код доступа: 2020
ZOOM сілтемесі: https://zoom.us/j/94729239306?pwd=RzVLbytUS2YzbVBadVg4VU9LcWht
Басталуы: сағат 10:00.
Негізгі спикер: тарих ғылымдарының доқторы, профессор К.Д.Саипова, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті
Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан, 050000, Алматы қ., Гоголь көшесі 114. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Тарих кафедрасы, 413-кабинет.
Байланыс телефондары: +7 (727) 278-10-24,
моб.: +7 (701) 4720019 (Л.Т. Қожакеева – Бағдарлама көшбасшысы)
моб.: +7 (701) 7761168 (Айгуль Сманова)