«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТІЛ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА» атты халықаралық ғылыми конференция

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТІЛ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА» атты халықаралық ғылыми конференция

2023 жылдың 28 наурызында Тараз қаласы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТІЛ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Конференцияны өткізудегі басты мақсат ғылымдағы тілбілімі және ономастика ғылымының мәселелері, әдебиет және ономастика, ономастиканың тарих, археология, география, философия, мәдениеттану, журналистика және тағы басқа ғылымдармен байланысы, сондай-ақ тіл білімін, оның салаларын оқытудың өзектілігі.

Қатысушылар: Түркия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Қазақстан ЖОО ғалымдары; Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері; Жамбыл облысының ономастика комиссиясының мүшелері. Ғылыми конференция бағыттары бойынша ғылыми жинақ шығарылады.

Негізгі спикер: Кастамону Университеті, гуманитарлық факультетінің  заманауи түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының Ph.Dдокторы, профессор Орхан Сөйлемез.

Өткізу түрі: онлайн және офлайн.

Өткізу уақыты мен орны: Тараз қаласы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тәуелсіздік залы, технологиялық кешен (Төле би 60), 28.03.2023 күні  сағат 10:00-де.

Ұйымдастырушылар, байланыс телефондары:

Дулати университеті Филология және журналистика кафедрасы, қауымдастырылған профессор Құламанова Зиба Абдуллақызы, аға оқытушы Мырзабаева Балмира, тел: 87026292192.

 

 

 

Қызмет бағыты