«Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтуден бас тартқан немесе одан айырылған және қаржылық берешегі бар адамдардың бюджет қаражатын қайтаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасына пресс-релиз
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтуден бас тартқан немесе одан айырылған және қаржылық берешегі бар адамдардың бюджет қаражатын қайтаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Жобада ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтуден бас тартқан немесе одан айырылған және қаржылық берешегі бар адамдардың бюджет қаражатын қайтару тәртібін айқындау көзделеді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa) 2024 жылғы 24 сәуірде орналастырылған. Жобаға бұқаралық талқылау жүргізу мерзімі 2024 жылғы 13 мамырға дейін белгіленген.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.