«Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасына пресс-релиз

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Жобада ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындау көзделеді.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa) 2024 жылғы 11 сәуірде орналастырылған.

Жобаға бұқаралық талқылау жүргізу мерзімі 2024 жылғы 25 сәуірге дейін белгіленген.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

Қызмет бағыты