Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
Баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын даярлады.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 23 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес институционалды және мамандандырылған аккредиттеу анықтамаларын (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларының 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларының мәтіндері) сәйкестендіруді көздейді.