ТІЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТЕДІ

2023 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырады.

Республикалық іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне құрмет сезімін ояту, Қазақстанда тұратын этностардың мәдени мұрасына қызығушылықты қалыптастыру.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сала мамандары, белгілі ғалымдар жан-жақты сараланған талдаулар жасайды. Сонымен қатар, қазақ тілінің ахуалы мен міндеттері талқыланбақшы.

Шара барысында танымдық бейнероликтер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, шараға онлайн форматта өңірлердегі барлық тілдік құрылымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысады.

📍Өтетін орны: Астана қ., Сәтбаев көшесі,2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті.
⏰Өтетін уақыты: сағ. 15.00-де.
☎️Байланыс нөмірі: 8-705-150-49-94

Қызмет бағыты