4 қыркүйек күні сағат 15:00-де Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Аризона университетімен (АҚШ) бірлескен білім беру бағдарламаларының оқу жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, Америка университетінің өкілдері мен Қозыбаев университетінің басшылығы қатысады.

Сондай-ақ, кездесу аясында Аризона университетінің бағдарламалары бойынша оқитын студенттермен кездесу күтілуде. Сонымен қатар, университет қонақтары жатақханалар мен ең жоғары озық дизайн және жабдық стандарттарына сәйкес салынған жаңа оқу-зертхана ғимаратын аралайды. ОЗҒ жас зерттеушілердің практикалық білімдерін жетілдіру үшін 60-тан астам жаңа зертханаларға ие, оның ішінде 20 – инженерлік, 20 – жаратылыстану және агротехнологиялық, 10 – медициналық бағытта.

Еске салайық, халықаралық білім беру жобасы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында Аризона университетімен бірлесіп 2022 жылдың 6 қыркүйегінде басталған болатын.