«Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз релизі
«Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Республикалық бюджет комиссиясының 2023 жылғы 14 наурыздағы № 6 және 2023 жылғы 27 маусымдағы №12 хаттамаларымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығымен бекітілген, Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне мынадай түзетулер енгізу қолдау тапты:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша іске асырылатын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу бөлігінде.
Бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос диплом бағдарламалары бойынша оқу құнын айқындау бойынша бірыңғай тәсіл көзделеді;
2) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар негізінде құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде қолданыста болатын және таратылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу бөлігінде.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында оқыту шығындары көзделеді. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімнің 8-бабына сәйкес, филиалдың қызметін қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға бөлінген Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған түзетулерді қабылдау қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң әсер етеді.Жоғарыда аталған түзетулерді қабылдау қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң әсер етеді.
Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.