ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 Астана қ.                                                                                              11.08.2023ж.                                                                                              

 

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Астанада үшінші рет "өзіңнің ТАП – өзіңнің ОРАЛ" жалпыұлттық ата-аналар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен танымал қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдардың, педагогтар мен психологтардың 700-ден астам ата-аналары жиналды.

Іс-шарада балаларды тәрбиелеуде туындайтын проблемалар, бала құқықтарын сақтау және қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау талқыланды.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов өз сөзінде Қазақстандағы педагог кадрлардың тапшылығы тақырыбын атап өтті.

"Дәл қазір елде 4,5 мыңнан астам мұғалім мен оқытушы жетіспейді. Тек елордада ғана педагогтарға жыл сайынғы қажеттілік - мыңға жуық адам. Сондықтан да Президенттің тапсырмасы бойынша ғылым және жоғары білім министрлігі Астанада жаңа педагогикалық ЖОО - ны іске қосу үшін жұмыс істеуде" -деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесін арттыруды ескере отырып, Үкімет педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсу талаптарын арттыру бойынша жұмыс жасады.

"Егер бұрын педагогика мамандығына талапкерлер қалдық қағидат бойынша түссе, бүгінде педагогикаға талантты жастар, олардың арасында "Алтын белгі"иегерлері көп болған кезде оң үрдіс байқалды. Сонымен қатар, 2021 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 75 балға дейін көтерілді", - деді Талғат Ешенқұлов.

Айта кету керек, жыл сайын пед мамандығына бөлінетін гранттар саны артып келеді. Сондай-ақ, соңғы екі жылда стипендия 26 186 теңгеден 67 200 теңгеге дейін көтерілді.

 

 

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі