«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) 1. Премьер-Министрдің орынбасары Р. Склярдың: Аккредиттеу қағидаларына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығы) өзгерістер енгізу туралы 2026 жылғы 18 ақпандағы № 11-04/05-4708-2 (8-тармақ) тапсырмасы.
2. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 22 мамырдағы нұсқамасы.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы
Бұйрық жобасы ғалымдар мен ғылыми ұйымдарды аккредиттеудің жаңа қағидаларын бекітеді. Негізгі ережелер келесілерді қамтиды:
Процесті автоматтандыру: Өтінім беруден бастап цифрлық куәлікті алғанға дейінгі барлық рәсім «Бірыңғай терезе» (Astanahub.com платформасы негізінде) арқылы толықтай электрондық форматқа көшірілді.
Нақты талаптар: Өтініш берушілер үшін түсінікті төменгі критерийлер (қызметкерлер саны, ғылыми жобалар, жарияланымдар мен патенттер бойынша) белгіленді.
Құжаттардың түпкілікті тізбесі: Қағидалардың әрбір қосымшасында қажетті құжаттардың нақты әрі дәл тізімі жазылған.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері
Процестерді автоматтандыру және құжаттардың дәл тізбесін енгізу есебінен бюрократия көріністері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.
Барлық ғылыми қызмет субъектілері үшін іріктеудің ашық, түсінікті әрі бірыңғай критерийлерін белгілеу.
Күтілетін нәтижелердің мерзімдері - жаңа қағидалар бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бірден күшіне енеді және толыққанды қолданыла бастайды деп күтілуде.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Құжаттардың дәл тізімдері мен автоматтандырудың арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен бюрократияны толықтай жою.
Қағазбастылықты жою есебінен ғалымдар мен ғылыми ұйымдар үшін қолайлы жағдайлар жасау, бұл Қазақстан Республикасында ғылымның дамуын арттырады.

 

Құру күні: 10.08.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 25.08.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15893999