Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 және «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция) сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 және «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады.

Конституция бойынша бір қатар ұғымдарда «шетелдіктердің» деген сөзі «шетел азаматтардың» деген сөзіне ауысқан. Конституцияға сәйкестендіру үшін келесі нормативтік құқықтық актілеріне редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізіледі:

– «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 127 бұйрығы);

– «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 128 бұйрығы).

Құру күні: 06.08.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 21.08.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15887374