«Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қолданыстағы бұйрықтарды жетілдіру мақсатында |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Жоба стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді конкурстық іріктеу тетігін жетілдіруге, сондай-ақ талап етілетін құжаттарды Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге бағытталған. - алдыңғы білім деңгейі туралы құжат болмаған кезде орта балды көрсете отырып, білім алушының мәртебесі туралы анықтама беру туралы талап; - докторантура бағдарламасы бойынша одан әрі оқу үшін магистр дәрежесін алу туралы құжатты ұсыну туралы талап; - соттылығының болуы (болмауы) туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсыну туралы талап; - Үміткерлерді іріктеудің конкурстық тетігін жетілдіру. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Өзгерістер мен толықтырулар енгізу құжаттарды қабылдау және стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін конкурстық іріктеу жүргізу тәртібін регламенттейтін қолданыстағы бұйрықтың сапасын арттыруға бағытталған. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
Құру күні: 06.08.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 21.08.2026