«Ғылыми қалашыққа қатысушыларды тіркеуді, тiркеу туралы құжат пен нысанды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Ғылыми қалашыққа қатысушыларды тіркеуді, тiркеу туралы құжат пен нысанды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Ғылыми қалашыққа қатысушыларды тіркеуді, тiркеу туралы құжат пен нысанды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасы ғылыми қалашыққа қатысушы мәртебесін беру үшін құжаттарды қабылдау мен қарау тәртібін регламенттейді, тіркеу немесе одан бас тарту үшін негіздердің толық тізбесін айқындайды, сондай-ақ тіркеу фактісін растайтын құжаттың бірыңғай нысанын бекітеді. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасы ғылыми қалашықтардағы ғылыми-технологиялық қызмет субъектілерін есепке алу мен жүйелеудің тиімді нормативтік-құқықтық тетігін құру мақсатында әзірленді, бұл ретте күтілетін нәтижелер бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілген сәттен бастап қол жеткізіледі. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Бұйрық жобасын қабылдау «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық реттеудің толықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға, ғылыми-өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру процестерін жеделдетуге ықпал ететін болады. |
Құру күні: 05.08.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 20.08.2026
Қызмет бағыты