«Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба Қазақстан Республикасының Конституциясын, Цифрлық кодексті және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобада Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде пайдаланылатын терминдерді аталған заңнамалық актілерге сәйкес келтіру көзделеді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында – www.legalacts.egov.kz сілтемесі бойынша танысуға болады.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15737227