«Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану және ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханаларға, академиялық артықшылық орталықтарына қолжетімдік беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану және ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханаларға, академиялық артықшылық орталықтарына қолжетімдік беру қағидаларын бекіту туралы»
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы №102-ө өкімі сәйкес әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану тәртібін, сондай-ақ ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларға және академиялық артықшылық орталықтарына қол жеткізуді беру тәртібін айқындау.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану және ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханаларға, академиялық артықшылық орталықтарына қолжетімдік беру қағидалары бекіту мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану қолдану тәртібін айқындайды.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де жағымсыз салдарға әкеп соқпайды.

 

Құру күні: 30.07.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 14.08.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15883698