«Ғылыми қалашықтарды және ғылыми технологиялық паркті дамыту стратегиясын іске асыруға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | Ғылыми қалашықтарды және ғылыми технологиялық паркті дамыту стратегиясын іске асыруға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Ғылыми қалашықтар және ғылыми-технологиялық паркті дамыту стратегиясын іске асыруға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасы аталған субъектілердің нысаналы индикаторларға қол жеткізуі тұрғысынан олардың қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізудің тәртібін, мерзімдерін және өлшемшарттарын айқындайды. Қағидалар басқарушы компаниялардың есептілікті ұсыну процесін (жыл сайын 1 наурызға дейін), уәкілетті органның талдау жүргізу рәсімін реттейді, сондай-ақ тиімділіктің түйінді көрсеткіштерінің тізбесін (ғылыми әлеует, әзірлемелерді коммерцияландыру, жеке инвестицияларды тарту және инфрақұрылымды дамыту) белгілейді. Мониторинг нәтижелері мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу, даму стратегияларын түзету үшін, сондай-ақ ғылыми қалашықтар немесе ғылыми-технологиялық парк мәртебесін сақтау немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелерді қарау кезінде пайдаланылатын болады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Ғылыми қалашықтар мен ғылыми-технологиялық парктерді дамыту стратегияларын іске асырудың тиімділігін жүйелі бақылауды және объективті бағалауды қамтамасыз ету. Нысаналы индикаторларға қол жеткізуді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейін, жеке инвестицияларды тартуды және инновациялық инфрақұрылымды дамытуды бақылау. Түзету шараларын әзірлеу үшін бекітілген жоспарлардан ауытқулардың тәуекелдерін, факторлары мен себептерін уақтылы анықтау. Ғылыми қалашық немесе ғылыми-технологиялық парк мәртебесін сақтау, түзету немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдау үшін негізделген құқықтық және талдау базасын қалыптастыру. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейінгі бірінші есепті кезеңнен бастап, кейінгі жыл сайынғы мониторинг циклімен (есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде) тұрақты негізде көзделеді. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру есебінен ғылыми қалашықтары мен технопарктер қызметінің экономикалық қайтарымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Экономиканың ғылымды қажет ететін секторларына бюджеттен тыс және жеке инвестицияларды тарту көлемінің ұлғаюы, жоғары технологиялық өнімдерді өндіру мен экспорттау көлемінің өсуі, сондай-ақ білікті ғылыми және инженерлік кадрлар үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру күтілуде. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылымды қажет ететін аумақтарға мониторинг жүргізудің нақты механизмі мен рәсімдерін реттейтін қажетті нормативтік құқықтық база қалыптастырылатын болады. Басқарушы компаниялардың бекітілген стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін құқықтық және атқарушылық жауапкершілігі артады. Мемлекеттік реттеудің тиімділігін және елдің инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің ашықтығын арттыру. Теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар көзделмейді. |
Құру күні: 23.07.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 07.08.2026
Қызмет бағыты