«Ғылыми қалашыққа қатысушылардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Ғылыми қалашыққа қатысушылардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Ғылыми қалашыққа қатысушылардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасымен аталған тізілімді қазақ және орыс тілдерінде электрондық форматты қалыптастыру, өзектендіру және жүргізу тәртібін айқындайтын Ғылыми қалашыққа қатысушылардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітіледі. Нормативтік құқықтық актімен өтініш берушілердің, ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясының және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл рәсімдері реттеледі, құжаттарды қарау мен келісу мерзімдері, сондай-ақ тізілімге енгізу, енгізуден бас тарту немесе одан алып тастау үшін негіздердің толық тізбесі белгіленеді. Бұдан бөлек, бұйрық жобасымен ғылыми қалашыққа қатысушылар тізілімінің және оған енгізу туралы өтініштің нысандары бекітіледі. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасымен ғылыми қалашыққа қатысушыларды жүйелі есепке алуды, олар туралы мәліметтерді өзектендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми қалашықты дамыту стратегиясын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыруды тиімді ақпараттық сүйемелдеу үшін жағдайлар жасау үшін құқықтық және ұйымдық негізді қалыптастыру көзделеді. Бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның нормаларын іске асыру нормативтік құқықтық акт күшіне енгеннен кейін бірден басталады. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Бұйрық жобасын қабылдау «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми қалашық субъектілерінің мәртебесі мен оларды есепке алуды реттейтін толыққанды нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Актіні іске асыру қатысушыларды тіркеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, мемлекет, ғылыми ұйымдар мен бизнес арасындағы үйлестірудің тиімділігін арттырады, сондай-ақ ғылыми қалашықты дамыту стратегиясын іске асыруды уақтылы мониторингтеу мен ақпараттық сүйемелдеуге ықпал етеді. Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді. |
Құру күні: 23.07.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 07.08.2026
Қызмет бағыты