«Ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен жеке және заңды тұлғаларды тиісті тізілімге енгізуге арналған өлшемшарттарды айқындайтын ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын Талаптар бекітіледі. Нормативтік құқықтық актімен өтініш берушілер үшін ғылыми-технологиялық бағыттылықтың, материалдық-техникалық базаның, білікті кадрлардың болуын және салық бересісінің жоқтығын қоса алғанда, базалық және қосымша біліктілік параметрлері реттеледі. Құжат сондай-ақ ғылыми қалашықтың басқарушы компаниясының өтініштерді қарау тәртібін және ілеспе құжаттаманың нысандарын белгілейді.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Бұйрық жобасымен ғылыми қалашықты дамыту стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру үшін оның қатысушыларын іріктеудің бірыңғай сапалық және сандық өлшемшарттарын белгілеу көзделеді. Бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және оның нормаларын іске асыру нормативтік құқықтық акт күшіне енгеннен кейін бірден басталады.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Бұйрық жобасын қабылдау ғылымды қажет ететін өнімдерді жасау үшін қажетті ғылыми және инфрақұрылымдық әлеуетке ие ғылыми қалашық қатысушыларының сапалы құрамын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Актіні іске асыру өтініш берушілерді бағалау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді және инвестицияларды тартуға, технологиялар трансферіне, сондай-ақ ғылым, білім мен бизнестің тиімді өзара іс-қимылына ықпал етеді. Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

 

Құру күні: 23.07.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 07.08.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15867796