Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығына «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Жобаны қабылдау мақсаты – Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы «Қазақстан Республикасының ғылым, технологиялық аумақтар, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Өкімі негізінде жүзеге асыру.
Аталған өзгерістер білім сапасын одан әрі жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға бағытталған.