«Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) 1. ҚР 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII Заңы (Заң атауы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деп өзгертілуіне байланысты);
2. ҚР 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII Заңы (цифрландыру терминологиясын жаңарту бойынша).
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен тегін тамақтандыру қызметін көрсету тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіріледі.
Негізгі өзгерістер:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» болып қайта аталуына байланысты кіріспе, қағидалар мәтіні және қосымшалары сәйкестікке келтірілді.
2. Заңнамалық өзгерістерге байланысты мәтіндегі «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйелер» және «ақпараттандыру» терминдері тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйелер» және «цифрландыру» (цифрлық жүйелер мониторингі) болып ауыстырылды.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу.
Мерзімі: Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (2026 жыл).
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар болжанбайды. Шығындар талап етілмейді. Өзгерістер қызмет көрсетудің ашықтығын арттырып, цифрландыру деңгейін өсіреді.

 

Құру күні: 17.07.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 03.08.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15873445