«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Жоба Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 10 өкіміне және «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 8-баптарына сәйкес әзірленді
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Келісім жасасудың мақсаты ғылыми атақтар туралы құжаттардың сәйкестігін тану арқылы еңбек көші-қоны саласындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою болып табылады, бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының кәсіби қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасайды
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Білім беру саласындағы ынтымақтастықты орнату және нығайту
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді

 

Құру күні: 02.07.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 07.07.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15864228