««Аудармашы» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы №35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | ««Аудармашы» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы №35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бұйрық жобасы кәсіби аударма қызметі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес отырысының 2026 жылғы 28 қаңтардағы №1 хаттамасына сәйкес әзірленді |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Жазбаша аудармашы (4, 5, 6-деңгейлер), ауызша аудармашы (4, 5, 6-деңгейлер), аудармалардың бақылау редакторы, аудармашы-дактилолог кәсіптік карточкалары ішінара өзектендірілді, жаңадан сурдоаудармашы кәсіптік карточкасы қосылды, редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілді |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Аударма қызметі саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
Құру күні: 12.06.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 29.06.2026
Қызмет бағыты