«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Бұйрық жобасы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты ескере отырып, Қағидаларды жетілдіру және өзектендіру мақсатында, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – ЖІЖ) «Жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді арттыруға бағытталған «AI-Sana» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру» атты 82-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасы жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамыту бағдарламасына байланысты жаңа ұғымдарды енгізуді, бағдарлама түлектерін инновациялық жобаларды іске асыруға тартуды, сондай-ақ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру тәртібін нақтылауды көздейді.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Бұйрық жобасы жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді арттыру бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді.

 

Құру күні: 05.06.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 22.06.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15843203