«Бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтердің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 187/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, осындай қызметтердің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 187/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жоспардың (бұдан әрі – ЖІЖ) «Жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді арттыруға бағытталған «AI-Sana» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру» атты 82-тармағын орындау мақсатында әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасы студенттер, магистранттар және докторанттар арасында жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді арттыру бағдарламасын іске асыру мақсатында ұғымдық сипаттағы толықтыру енгізуді көздейді. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасы жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді арттыру бағдарламасын іске асыруға бағытталған. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді. |
Құру күні: 14.05.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 01.06.2026
Қызмет бағыты