«Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасы (бұдан әрі – Жоба) нақты демографиялық және білім беру динамикасын ескере отырып, мемлекеттік ресурстарды тиімді және ұтымды бөлуді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Енгізілетін түзетулер жаңа жобалар бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарттарына өзгерістер енгізуді көздейді. Жобада мемлекеттік тапсырысты орналастыру мынадай шарттардың бірі сақталған жағдайда жүзеге асырылуы ұсынылады:
- мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі өткеннен кейін жатақхананы мемлекеттік меншікке беру;
- акцияларының 50 және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы әлеуетті өнім беруші және өнім беруші болып табылады.
Бұл ретте жатақхананы мемлекеттік меншікке беру жөніндегі міндеттемені орындамау өнім берушінің алынған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне толық көлемде қайтару міндетіне әкеп соғады.
Жаңа жобалар бойынша жаңа объектілерді салу алдында қолданыстағы ғимараттарды немесе жатақханаларды реконструкциялаудың басымдығы және бекітілген Әдістемеге сәйкес жатақханалардағы орындардың болжамды тапшылығы ескерілетін болады.
Сондай-ақ, жобада мемлекеттік тапсырысты орналастырудың бірінші жылындағы төлемдердің екі еселенген мөлшерін көздейтін түзету коэффициентін алып тастау ұсынылады.
Бұл өзгерістер тиісті түзетулер күшіне енгеннен кейін іске асырылатын жаңа жобаларға ғана қолданылатын болады және Тараптардың міндеттемелері қолданыстағы шарттарда айқындалған бұрын басталған немесе іске асырылып жатқан жобаларға әсер етпейді.
Бұл тәсілдер жеке меншікте қалатын объектілерді қаржыландырудың орнына мемлекеттік активтерді қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша ұзақ мерзімді бюджеттік міндеттемелерді төмендетуге және өңірлердің нақты қажеттілігін ескере отырып, қаражаттың неғұрлым атаулы және ұтымды бөлінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру процесін нормативтік реттеу.
Құру күні: 17.04.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 05.05.2026