««Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу және одан алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) ««Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу және одан алып тастау негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары Тізілімін жүргізу тетігін жетілдіру, білім беру бағдарламаларын Тізілімге енгізу және одан шығару рәсімдерінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ Қағидалардың жекелеген нормаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасында микробіліктілік бағдарламаларын Тізілімге енгізу тәртібін белгілеу, дербес білім беру ұйымдарының білім беру бағдрламаларын енгізу тәртібін регламенттеу, білім беру бағдарламаларын Тізілімнен шығару негіздерінің жекелегенін нақтылау көзделеді.
Жобаны қабылдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыруға, кадрларды даярлаудың икемді жүйесін дамытуға, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінің ұлттық біліктілік жүйесімен және экономика қажеттіліктерімен өзара байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаның мақсаты – нормативтік құқықтық акті нормаларын жетілдіру.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 17.04.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 05.05.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15809125