«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 33-1-Н нұсқамасына сәйкес 
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы 31-бапта шетелдік білім ұйымдарынан ауысу немесе қайта қабылдау кезінде білім алушылар оқу жетістіктері туралы құжатты (транскрипт), ҰБТ немесе КТ сертификатын тиісті білім бағдарламалары (мамандықтар) тобы бойынша белгіленген шекті баллдан төмен емес нәтижесімен ұсынады.
Білім алушыларда ҰБТ немесе КТ сертификаты болмаған жағдайда, ЖОО оны бір академиялық кезеңге ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады. Білім алушылар Бірыңғай ұлттық тестілеуді және Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде ҰБТ немесе КТ тапсырады. Оқуды жалғастыру тек белгіленген шекті баллға қол жеткізген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, халықаралық академиялық рейтингтердің топ-700 ішіне және/немесе Даму экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің ұлттық рейтингтерінің топ-100 ішіне кіретін шет елдердің білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ашылған шетелдік бас оқу орындарынан білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау ҰБТ немесе КТ тапсырусыз жүзеге асырылады.
Одан әрі ЖЖОКБҰ докторанттарды докторлық диссертацияны қорғауға жіберу алдында оқу жылы ішінде академиялық күнтізбеге сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесіне тіркеуді қамтамасыз етеді.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Бұйрық жобасының мақсаты – жоғары білім алу үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету және ел экономикасы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 15.04.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 30.04.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15808385