«ҚАЗТЕСТ» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 458 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «ҚАЗТЕСТ» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 458 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бірлескен бұйрығына сәйкестендіру үшін
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жобада: ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеудің онлайн-диагностикалық түрі енгізіледі.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу түрлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру. 
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді

 

Құру күні: 09.04.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 24.04.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15804455 

Қызмет бағыты