«Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 363 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 363 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарын іске асыру жөніндегі өкім шеңберінде.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы «Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында бүкіл мәтін бойынша және қосымшада «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «электрондық үкіметтің», «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйесіне» деген сөздер «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық  жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылады.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №256-VIII Заңына сәйкес терминологияны сәйкестікке келтіру.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді

 

Құру күні: 09.04.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 24.04.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15804218 

Қызмет бағыты