«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына және «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына және «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Жоба конкурстарға қатысушылар мен конкурс комиссиясы мүшелерінің өтініштерін ескере отырып, ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру процесін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді. Конкурстың ашықтығын және өтінімдерді бағалау сапасын арттыру үшін үміткерлер алынған балдар бойынша шағым түсіре алатын апелляция процедурасын енгізу ұсынылады. Конкурс комиссиясы мүшелеріне түсетін жүктемені азайту мақсатында алдын ала қарау нәтижелері бойынша сыйлықақылар мен стипендиялар алуға мүмкіндігі бар өтінімдерді ғана қарау ұсынылады. Алдын ала қарауды ішінара автоматтандыру үшін конкурс жарияланған жылғы жарияланымдарды есепке алмау қажет. Бұл конкурс комиссиясына әрбір өтінімді мұқият зерделеуге және бағалау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жобада академиялық адалдықты нығайтуға бағытталған нормаларды енгізу көзделеді.
Аталған ережелерді іске асыру Ғылым саласындағы сыйлықақы, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрықтың жобасы мыналарды көздейді:
- апелляция процедурасын енгізу арқылы конкурстың ашықтығын және конкурс материалдарын бағалау сапасын арттыруды;
- алдын ала қарау нәтижелері бойынша сыйлықтар мен стипендиялар алуға мүмкіндігі бар өтінімдерді бағалау үшін іріктеу арқылы конкурс комиссиясына түсетін жүктемені азайтуды.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Конкурсқа қатысушылардың қанағаттану деңгейі артып, бағалау кезеңіндегі қателіктердің ықтималдығы төмендейді.Конкурс комиссиясы сыйлықақылар мен стипендиялар алуға мүмкіндігі бар өтінімдерді сапалырақ бағалай алады.
Аталған мақсаттарға 2026 жылғы конкурс аясында қол жеткізу жоспарлануда. Конкурстың аяқталуы жоспарланған күн – 2026 жылғы 20 желтоқсан.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де жағымсыз салдарға әкеп соқпайды, ғылым саласындағы атаулы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды ізденушілерден конкурстық құжаттарды беру, қабылдау, өңдеу және сараптау тиімділігін, сондай-ақ конкурсты өткізу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Құру күні: 09.04.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 24.04.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15804159 

Қызмет бағыты