Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 «Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 «Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы «30» шілдедегі №16-2-Н нұсқамасының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 «Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады: ғылыми зерттеулерді іске асыруға арналған сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту бөлігінде, оған төлем шарттарын, аванс беру тәртібін, шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті және өзге де ережелерді қамту, сондай-ақ тауарлардың жергілікті қамтылуы туралы есеп нысанын бекіту. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Жоба бұйрығы институт ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды көздейді, сондай-ақ оларды сатып алу тәртібін айқындайды. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасының мақсаты бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ашық және тиімді тәртібін айқындау, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және жеткізушілер арасында бәсекелестікті дамыту болып табылады. Күтілетін нәтижелер Қағидалар қолданысқа енгізілген сәттен бастап қол жеткізіледі және ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тарапынан сатып алуды жыл сайын жоспарлау және жүргізу шеңберінде тұрақты негізде іске асырылады. Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мерзімі – 2026 жылғы екінші тоқсан. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Бұйрық жобасын қабылдау бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге, ғылыми зерттеулерді қажетті ресурстармен уақтылы қамтамасыз ету арқылы олардың сапасын арттыруға, сондай-ақ адал бәсекелестік пен сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Құқықтық тұрғыдан алғанда, бұйрық жобасы ғылыми саладағы сатып алу рәсімдерін регламенттеуді қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және ғылым субъектілерінің қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған. |
Құру күні: 06.04.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 21.04.2026
Қызмет бағыты