«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №256-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасы редакциялық сипаттағы өзгерістерді көздейді, атап айтқанда, мәтін бойынша «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сөздері «цифрлык технологиялар» сөздерімен ауыстырылады.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Бұйрық жобасы терминологияны қолданыстағы заңнамалық базаға сәйкестендіруге бағытталған.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді.

 

Құру күні: 13.03.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 30.03.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15784500 

Қызмет бағыты