Құрметті «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері!

Құрметті «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері!

24 маусым сағат 10:00-де «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Bolashaq» Қауымдастығы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына орай, «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында V- ші Спартакиада өткізеді!


Сіздерді жеке жəне/немесе өз бетінше құрылған команда шеңберінде қатысуға шақырамыз!

Жарыс спорттың 6 түрінен өтеді:
1. Шағын футбол (5 адамнан құралған аралас команда + 3 ең көп қосалқы)
2. Баскетбол (5 адамнан құралған аралас команда + 3 ең көп қосалқы)
3. Үстел теннисі (ерлер мен әйелдер)
4. Арқан тарту (6 адамнан құралған аралас команда)
5. Шахмат (ерлер мен әйелдер)
6. Асық ату (ерлер мен әйелдер)
Балаларыңызбен бірге келіп, жарысқа қатысыңыз. Мерекелік бағдарламада спорттық-зияткерлік сайыстар күтеді!

Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «University sports centre» спорттық-сауықтыру кешені (Астана қ., Сәтбаев к-сі, 2А, ЕҰУ бас корпусының оң блогы)
Күні: 24 маусым, 2023 ж.
Басталу уақыты: 10:00
Сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://docs.google.com/forms/d/1kfnGWi7ENXNXWfmKo0kcoymoKGVozhGecXGALt1xEc0/edit?ts=647dcabb
Толығырақ: 8 (701) 302-16-75 (WhatsApp) немесе 57 36 34 нөмеріне хабарласыңыз