«Жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы  мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі №18-1-1-Н нұсқамасының 1.3 -тармағын орындау мақсатында
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Түзетулермен мемлекеттік стипендия төлеуге көзделген қаражатты пайдалану және қайтару тәртібін реттейтін нормаларды толықтыру ұсынылады. 
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаны қабылдаудың мақсаты – мемлекеттік стипендия төлеуге бөлінген бюджеттік қаражатты  тиімді әрі ұтымды пайдалану, сондай-ақ,  мемлекеттік стипендия төлеу процесіне қатысушылардың жауапкершілігін айқындау болып табылады.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 23.01.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 09.02.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15745100