«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба атом саласы үшін мамандарды даярлаудың нысаналы тәсілін іске асыру тетігі бойынша нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмасы шеңберінде әзірленді.

Жоба 2026 жылғы «23» қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15746164) орналастырылған. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2026 жылғы «09» ақпан.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.