«Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындарға орналастыру бойынша уәкілетті органның операторы арасында шарт жасасу тәртібін нақтылау мақсатында
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету жөнінде әрбір өнім берушімен жеке-жеке екіжақты шарттар жасасуға қатысты нормаларға өзгерістер енгізу жоспарлануда.  
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына өзгерістер енгізілсін. Өкім шеңберінде бұйрықты қабылдау мерзімі –2025 жылғы желтоқсан.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Көзделмейді

 

Құру күні: 16.01.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 02.02.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15743070