«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

01 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 195-ө Өкімі
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен қаржыландырудың жаңа үлгісін енгізу шеңберінде ұлттық рейтинг нәтижесі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу. Күтілетін нәтижелердің мерзімі – 2026 жылғы қаңтар.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 15.01.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 30.01.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15734510