«Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құруы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша адамдарға хабарламаларды беру нысанын, мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 507 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құруы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша адамдарға хабарламаларды беру нысанын, мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 507 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Аталған бұйрық жобасы – бастамашыл |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Жобада 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. ҒЗЖ-ны жүзеге асыруға арналған шығыстарды растау үшін өтініш беруші ҰМҒТСО-ға мынадай құжаттарды: 1) жобаның ақпараттық картасын; 2) ҒЗЖ-ны жүргізуге, оның ішінде жылдар, салық кезеңдері бойынша бөлінген, қосылған құн салығын көрсете отырып, тікелей және ілеспе шығыстар бойынша нақты шығыстардың сметасын береді.»; мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2 тармақтармен толықтырылсын: «7-1. ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыруға арналған шығыстарды растау үшін өтініш беруші ҰМҒТСО-ға мынадай құжаттарды: 1) жобаның ақпараттық картасын; 2) ҒЗТКЖ-ны жүргізуге арналған техникалық тапсырманың (техникалық ерекшеліктің) көшірмесін; 3) ҒЗТКЖ-ға бекітілген жобалау-конструкторлық құжаттаманы; 4) ҒЗТКЖ жүргізу үшін орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің көшірмесін; 5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҒЗТКЖ-ның нәтижесін өндіріске енгізу актісінің көшірмесін; 6) ҒЗТКЖ-ны жүргізуге, оның ішінде жылдар, салық кезеңдері бойынша бөлінген, қосылған құн салығын көрсете отырып, тікелей және ілеспе шығыстар бойынша нақты шығыстардың сметасын береді. 7-2. Ғылыми орталықты құруға арналған шығыстарды растау үшін өтініш беруші ҰМҒТСО-ға мынадай құжаттарды: 1) Орталықтың паспортын; 2) Орталықтың ережесін; 3) ҒЗЖ-ны жүргізуге, оның ішінде жылдар, салық кезеңдері бойынша бөлінген, қосылған құн салығын көрсете отырып, тікелей және ілеспе шығыстар бойынша нақты шығыстардың сметасын береді.». |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасы ҒЗТКЖ-ны, ҒЗЖ-ны және ғылыми орталық құруға жұмсалатын шығыстарды растау кезінде өтінімдерді қарастырудың объективтілігін қамтамасыз етеді |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
Құру күні: 09.01.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 26.01.2026
Қызмет бағыты